Жаңалықтар тізбегі
0

Лондонда Месут Озилге қарақшылық шабуыл жасалды

Твиттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 21:57 Твиттер
Кейбір деректерге сүйенсек, бұзақылар футболшыларды тонамақ болып аңдыған. Олар, бірақ әлі ұсталмапты.

Лондонның қақ ортасында "Арсеналдың" екі футболшысы Месут Озил мен Сеад Колашинацаға жасалған қарулы шабуылдың видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz sportsria.ru-ға сілтеме жасап.

Футболшылар отырған көлікті белгісіз біреулер мопедпен аңди бастаған. Көлік тоқтап, футболшылар таныстарының мейрамханасына беттемек болады. Сол кезде оған мотоциклдегілер тап береді.

Видеода шлемдегі еркектің Колашинацаны қуып жүргенін көруге болады. Ол қаскөйді өзіне жақындатпай, көлікті айнала қашып жүр. Бұл кезде Озил жақын маңда орналасқан Likya мейрамханасындағы таныстарына көмек сұрауға жүгіріп кеткен екен.

Кейбір деректерге сүйенсек, бұзақылар футболшыларды тонамақ болып аңдыған. Олар, бірақ әлі ұсталмапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: