Алматыда бас-аяғы үлкейіп, құлағы өскен әйелге күрделі ота жасалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2019 22:49 Сурет: zakon.kz
Дәрігерлер бұл ісік түрін анықтау қиын екенін айтады.

Алматыда әйел адамның миына күрделі ота жасалды. Оған бес жыл бойына дәрігерлер нақты диагноз қоя алмаған. Оның аяқ-асты беті үлкейіп, аяғы ісіп, құлағы өсе бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

- Алматыға мамыр айында келіп, №7 қалалық клиникалық ауруханасында тексеруден өттім. Маған "акромегалия" деген диагноз қойды. Бірден ота жасау керек деді дәрігерлер. Қымбат шығар деп ойладым. Бірақ мұндағылар оны тегін жасайтындарын айтты. Қазір денсаулығым жақсы, - дейді Гүлзинат Берниязова.

«Дәрігерлер бұл ісік түрін анықтау қиын екенін айтады. Өйткені бас ауырмайды, көздің қабілеті нашарламайды. Тек бір белгі береді - адам ағзасында гормондар көптеп бөліне бастайды екен», - дейді телеарна тілшісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: