Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: облыс бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті

пресс-служба акима Туркестанской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:35 пресс-служба акима Туркестанской области
Сенбілік нәтижесінде жалпы көлемі 1504,6 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға тасымалданды.

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында Жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге "Арыс-Түркістан" су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты.

Жалпы елдімекендер аумағын қоқыс қалдықтарынан тазарту, экологиялық аймақтардың тазалығын сақтау, су айдындарының арналарын ашу, көше бойларын және арық-атыздарды қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстың 16 аудан-қаласынан 51635 адам қатысты. Сенбілікке арнайы 397 техника жұмылдырылды. Аталмыш шарада жергілікті аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері, басқарма мамандары, индустриалды аймақтарда орналасқан кәсіпорын қызметкерлері, әлеуметтік нысандар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мен БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, туған жер табиғатының түрленуіне үлестерін қосты.

Акция барысында облыс аумағындағы барлық өзен, көл арналары ретке келтіріліп, елді-мекендердегі көше бойлары қоқыстардан тазартылды. Сенбілік нәтижесінде жалпы көлемі 1504,6 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға тасымалданды. Адам денсаулығының айнымас бір бөлігіне айналған табиғат тазалығын қалыптастыруға бағытталған аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:35

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: