Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2019 15:19 Ашық дереккөздерден алынды
Ал басқа өңірлерде табиғат мінез танытып, қатты жел тұрып, бұршақ жауатыны болжанады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, Zakon.kz.

Ал басқа өңірлерде табиғат мінез танытып, қатты жел тұрып, бұршақ жауатыны болжанады. Атап айтқанда, Ақмола обысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында, таңеретең және күндіз, сондай-ақ Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қарағанды облысының кей жерлеріндебұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай , дауыл күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел екпіні күшейді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кейжерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: