Жаңалықтар тізбегі
0

"Қайдағы 200 мың?...". Шығысын емес, кірісін есептеген әкімдікке көпбалалы ана ашулы

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2019 20:25 Facebook
Алайда әкімдік бұл отбасыға ай сайын 200 мың теңгеден аса табыс кіретінін, пәтер жалдаймын десе ақшасы барларын ескертуді ұмытпапты.

Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қайназар ауылында салафанмен қоршалған, жері сыз кепені 4 баласымен баспана еткен ананың жанайқайына жергілікті әкімдік жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпбалалы отбасының адам төзгісіз жағдайда тұратынын журналист Жазира Бегалы Фейсбук желісінде мәселе етіп көтеріп, ел назарына ұсынған.

Қоғамдық талқы тудырған бұл мәселеге жергілікті әкімдік лезде жауап қатып, бұл отбасыға өз ақшаларына пәтер жалдап беруге, одан соң оларға материальдық жағынан көмектесуге, күйеуіне жұмыс тауып беруге, үй салу мәселесінде туындаған қиындықтарымен бөлісуге уәде еткен. Алайда осылай деген әкімдік бұл отбасыға ай сайын 200 мың теңгеден аса табыс кіретінін де баса айтуды ұмытпапты.

- Ерлі-зайыптылар Жамбыл ауданына 2018 жылы көшіп келген. Көпбалалы отбасы ретінде ауылдық әкімдікке тіркеліп, айы сайын 106 мың теңге атаулы әлеуметтік жәрдемақы алып отыр. Одан бөлек баласының мүгедектігіне байланысты әкесі жәрдемақы ретінде 69 мың теңге тағы бюджеттен алады. Құндыз Қуанышбаева еден жуушы ретінде 65 мың теңге табыс табады. Сондықтан бұл кісілер Үкіметтен тиесілі ақшаны алып отырғанын, біздің ауылда пәтерді жалдаудағы ай сайын ақысы 10 мың теңге екенін, оған олардың жағдайы болғанын ескерте кеткенді жөн көреміз, - делінеді жергілікті әкімдік жауабында.

Әкімдіктің шығысын емес, кірісін есептеген бұл жауабы Құндыздың шамына тиіп кеткен секілді. Ол табысым 200 мыңнан асады деген өтірік дейді. Көпбалалы келіншектің әкімдікке жауабы төменгі видеода:

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: