"Қазақстан қайтеді оны?..". Сарапшы эфирде Ресей қаламайтын шындықты былш еткізді
siapress.ru
Қазақстанға экономикалық тұрғыдан науқас мемлекеттің валютасының не қажет бар? Сау бастарына сақина тілеп қайтеді - сарапшы.
Ресейлік экономист Сергей Алексашенко Қазақстан Ресеймен бірігіп, бірыңғай валюта құруды қажетсінбейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Эхо Москвы" радиосына сілтеме жасап.
Өз сұқбатында экономист Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ интеграция аясында Ресеймен бірыңғай валюта немесе Орталық банк құруға мүдделі емес екенін қадап айтқан.
"Өзіңіз ойлаңызшы, Қазақстан Ресейдің рублін қайтеді? Тұнып тұрған проблема ғой. Олардың ұлттық валютасы бар, оған түк те болған жоқ, иә, ақшалары рубль құбылса шатқалақтайды, бірақ олар ақша бағамының дәлізін белгілеп, ауытқымалы құбылысқа баяғыда бейімделіп алған. Қазақстан экономикасы ойдағыдай дамып келеді, олар жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Ресейді басып озып кеткен. 20 жыл бұрын ғана, менің ойымша, Ресейдің ІЖӨ-нің жартысын еңсерген еді олар. Оларға экономикалық тұрғыдан науқас мемлекеттің валютасының не қажет бар? Сау бастарына сақина тілеп қайтеді?"- дейді сарапшы.
Алексашенко бірыңғай валюта осы одаққа өзара тиімді болады дегенге сенбейді әрі бұған негіз жоқ деп те санайды.
"Ондайды көріп тұрғаным жоқ. Тіпті, Еуропалық Одақ аясында және 2008 жылғы әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде де тәуелсіз валютасы бар, яғни евроны қолданбай, өз ұлттық валютасын қолданғандар қиындықты өз бетімен жақсы еңсергенін көрсеткен", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript