Жаңалықтар тізбегі
0

Бұл елде шынымен кім главный – Елбасы ма, Тоқаев па?

instagram/yedilovonline, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 17:04 instagram/yedilovonline
Тоқаевың өтірік президент деп күңкілдейтіндер – қателеседі.

Соңғы кездері тағы да ел билігіндегі екіұдайылық туралы әңгімелер шыға бастады. Мемлекетті нақты кім басқаратынын түсінбегеннен биліктің түрлі тармақтары не істерін білмей, бірлесе жұмыс істей алмай отыр, деп ойланады орыстілді қазақстандық сарапшы Ербол Еділов.

Осы бір сарапшының ойы айналып келгенде мынадай болып шықты:

– Жақсылап қарасаңыз, биліктің Тұңғыш президенттен екінші президентке ауысуы тыныш, проблемасыз өтті. Элита бұған саботаж жасаған жоқ. "Елбасы әлі де бар билікті уысынан шығармай отырып алды, Тоқаевың өтірік президент" деп күңкілдейтіндер – қателеседі.
Фактілер келтірейін. Елбасы кеше Тұңғыш президент қорының директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл жай, қатардағы кездесу болғанымен, екеуінің әңгімесіндегі кей детальдарға назар аударуға болады. Қорға қатысты жұмыс мәселелерін ысыра тұрсақ, Нұрсұлтан Әбішұлының Әсет Орынтайұлынан бұрын біздің бәрімізге қарата айтқан мына сөздеріне қараңыз: "Менің президенттік өкілеттігімді тапсырғанымнан бері бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, елдің Үкіметі мен Парламенті үйлесімді, бір ырғақпен жұмыс істеуде".

Шынымен де, ел билігі үйлесімді, бір ырғақпен жұмыс істеуде, – деген қорытынды жасайды сарапшы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қай президент "главный" – Елбасы Euronews журналисіне не деді

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: