Жаңалықтар тізбегі
0

Қаладағы нарынқолдықтар ауылдарына қарай көшіп жатыр

Abai.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2019 15:34 Abai.kz
Бастапқыда жаңа ауданды дамытуға 2 млрд теңге бөлінсе, бүгінде біреуінің ғана құны осыншама қаржыға тең келетін үлкен ғимараттар салынып, ірі жобалар жүзеге аса бастады.

Алматы облысының Райымбек ауданында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда жаңа ауданды дамытуға 2 млрд теңге бөлінсе, бүгінде біреуінің ғана құны осыншама қаржыға тең келетін үлкен ғимараттар салынып, ірі жобалар жүзеге аса бастады.

"Райымбектей батыр бабамыздың есімімен аталатын бұл ауданның орталығы мәртебесі Нарынқолға берілгелі бері ауылдың күретамырына қан жүгіре бастағандай. Мұнда ескі ғимараттар мен көшелер қайта жөнделіп, жаңа әлеуметтік нысандар, жаңа үйлер салынып жатыр. Ең бастысы кезінде қалаға үдере көшкен тұрғындар біртіндеп ауылға оралуда. Аудан орталығындағы ескі әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жасалып, жаңа сервистік әкімдік, халыққа қызмет көрсету орталығы, денешынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Қазір Нарынқолдағы балалар ойнайтын алаңқайларға көрші ауылдың тұрғындары да жиі келетін болған", - дейді телеарна тілшісі.

– Ауруханамыз қайтадан салынып жатыр. Бұрын бізде балаларға мынандай мүмкіндіктер болмаған. Егер үлкен кісілер келіп, жаттығамыз деп жатса, оған да мүмкіндік жасап қойған. Қазір бұрынғыдай емес, ауданымыз шын мәнінде жақсы болып келе жатыр, - дейді Қаратоған ауылының тұрғыны Жазира Қатамбаева.

«Жағатал өзенінің ұзындығы 2 шақырымдық жағалауын нығайтып, оның үстінен өтетін екі көпірге күрделі жөндеу жасап жатқан жайымыз бар. Мектептеріміз жаңа оқу жылына дайын. Қақпақ ауылында ауызсу құбыры жөнделіп, қыс түскенше Нарынқолдағы көшелердің барлығына асфальт төсейміз», - дейді жергілікті билік өкілдері.

– Нарынқол ауылының өзінің ішкі жолдары – 54 шақырым. 54 шақырым биылғы жылдың аяғына дейін 100 пайыз түгел асфальтталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев.

Нарынқолда өткен жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған 20 арендалық үй салынып, пайдалануға берілді. Күзде 83 коммуналдық үйдің құрылысы қолға алынбақшы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: