Оңтүстікте алдағы үш күнде сынап бағанасы 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы 6-8 тамыз күндері еліміздің басым бөлігінде құбалмалы ауа-райы күтіледі. Атап айтқанда, еліміздің кейбір өңірлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ аралас жаңбыр жауып, күшті жел, дауыл соғуы ықтимал.
"Еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында күн райы ашық және 35…42°С дейін қатты ыстық болады. 6 тамызда Иран аймағынан келетін жылы ауа массалары салдарынан батыс және солтүстік батыс өңірлерден басқа жерлерде, еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.
Сонан соң Мурманск аймағынан салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасының күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, кей жерлерде 30 градус жылы болады", делінген болжамда.