Алматыда ашық аспан астындағы кинотеатрлар ашылады
sagintayev.b
10 шілдеден бері ашық аспан астындағы кинотеатр төрт рет ұйымдастырып, онда шамамен 2000 адам кино көрген.
Алматының барлық аудандарында ашық аспан астындағы кинотеатрлар жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 шілдеден бері ашық аспан астындағы кинотеатр төрт рет ұйымдастырып, онда шамамен 2000 адам кино көрген екен. Демалыстың мұндай түрі тұрғындардың қызығушылығын тудыруы мүмкін.
- "Қалалық Кино Орта" Q-Lab қалалық жобалар зертханасының экспериментіне қолдау білдірдік. Бұл қызық мәдени және әлеуметтік тәжірибе, қалалықтар ашық аспан астында бірге кино көру үшін түрлі алаңдарда жиналады. 10 шілдеден бастап осындай төрт шара өтті, оған 2000 мыңға жуық адам қатысты. Демек, демалыстың бұл түріне қызығушылық бар. Келесі аптадан бастап қаланың барлық аудандарында бір мезетте пилотты жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлаудамыз, - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript