Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан президентінің кенже қызына министрліктен жұмыс бұйырды

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 20:05 Ашық дереккөздерден алынды
Ал кенже қыздың күйеуі Отабек Умаров Президент қауіпсіздігі қызметі басшысының бірінші орынбасары, оның үстінде наурызда республикалық үшсайыс федерациясының тізгігінін қолына алған.

Өзбекстан Президентінің кенже қызы Шахноза Мирзиёева Мектепке дейінгі білім беру министрлігі Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясатты қалыптастыру және жүргізу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды fergana.agency.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Шахноза Мирзиёева мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және стратегиялық даму басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал оның күйеуі Отабек Умаров Президент қауіпсіздігі қызметі басшысының бірінші орынбасары, оның үстінде наурызда республикалық үшсайыс федерациясының тізгігінін қолына алған.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың сәуірінде Өзбекстан Президентінің үлкен қызы Саида Мирзиёева басшылық лауазымға ие болған. Ол Президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған еді. Шавкат Мирзиёевтің үш баласы бар: екі қызы және ұлы. Баласы – Миралишер әлі мектепте оқиды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: