Жаркент халқы қаза тапқан орманшыны ақтық сапарға шығарып салды
24 kz
Дала өртінің құрбаны болған үш азамат та Алматы облыстық әкімдігі тарапынан мемлекеттік наградаға ұсынылды.
Жаркент халқы дала өртінен қаза тапқан орманшы Еркінбек Оспановты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Хабар 24.
Ол тау бөктеріндегі өрттен аман шыққанымен, еріктілерді құтқару үшін қызыл жалынның ортасына қайта кіріп, өзі опат болды. Еркінбектің артында бес баласы қалды. Кенжесі таяуда ғана қырқынан жаңа шығыпты.
"2006 жылдан бері орманшы болып қызмет етіп келе жатқан ол өз ортасында беделді де өте білікті маман болатын", – дейді оны жақсы білетін әріптестері.
Дала өртінің құрбаны болған үш азамат та Алматы облыстық әкімдігі тарапынан мемлекеттік наградаға ұсынылды.
– Үш адамға да көмек беріп жатырмыз. Бес баласы бар азаматқа үй беріп жатырмыз. Мына кісіні мемлекеттік наградаға ұсынып жатырмыз. Себебі бүгінгі күннің батыры. Осындай ерлікке әрбір адам бара бермейді. Біреуді шығарамын деп өзі қаза боп кеткен, - деді Панфилов ауданының әкімі Темірлан Бектасов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript