Жаңалықтар тізбегі
0

Дайын отыр! Атамбаевты неге жығып бермеу керек

fergana.ag, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2019 15:50 fergana.ag
Ал Атамбаевты қамауға алу - солтүстіктің құқығына қол сұғу. Қасындағы адамдар ол Атамбаевтың жеке жақтастары ғана емес, мұқым солтүстік үшін тұратын адамдар.

Қырғызстандағы "төңкерістің" басқалардан ерекшелігі оның әрқашан азаматтық соғысқа ұласа жаздауында деп санайды ресейлік саясаттанушы Андрей Медведев. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Оның себебі мемлекеттің құрылымында. Елдің солтүстігі мен оңтүстігі әрдайым бәсекелес қос тарап болып табылады. Оңтүстіктің тұрғындарында діни көзқарас басым болса, солтүстік батысшылдар. Тарихқа үңілсек, оңтүстік аймақ кезінде Қоқан хандығының бөлігі болды, ал солтүстік – шартты түрде соның отары еді. Оңтүстік қырғыз хандары Қоқан хандығы кезінде билік үшін күрескен. Олар өздерін қырғыздың барлық жерінің қожайынымыз деп санаған. Солтүстік қырғыздардың ішінде Сарыбағыш тайпасы деген бар, ол да барлық билік өзінікі деп санайды.

Шын мәнінде, түптен келгенде қырғыз ішіндегі қақтығыс пен шиеленіске осы жағдай түрткі. Билік үшін солтүстік пен (бұл - Шу-Ыстықкөл тайпалары) Сарыбағыш руы бастаған оңтүстік (Ош қаласы) үнемі тартыста болып келеді.

Тіпті, КСРО кезінде де Орталық комитеттің бірінші хатшылары (1950 жылдарға дейін екіншісі, өйткені біріншісі мәскеу қойған протеж – орыс болатын) кезек-кезек оңтүстік – солтүстік болып алмасып отырған. Одан соң Орталық комитетте және министрліктерде қанша оңтүстіктер мен солтүстіктер болғанына ерекше мән беріліп, тепе-теңдік сақталуға тырысқан.

Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мәселе жоқ боп кеткен жоқ. Керісінше, күшейе түсті. 1992 жылы елді екіге бөлу туралы ашық айтыла бастады. Айтқандай, жалаудың қызыл болуы ымыраны білдіреді. Негізі, қызыл - оңтүстіктің түсі. Сол кезде билікке келген солтүстік адамы - Ақаев осылай елдің арынын баса алған еді.

Атамбаев - солтүстіктің адамы, Джеенбеков - оңтүстіктікі. Ол 2010 жылы қырғыз бен өзбектер арасында қақтығыс болғанда Оштың әкімі болған. Сондықтан қазіргі оқиғалар тек элитааралық қақтығыс емес. Бұл одан әлдеқайда күрделі мәселе. Иә, оңтүстік солтүстікке қарсы.

Оңтүстікке келер болсақ, дәстүрлі ислам діні етек жайғанымен бірге, ХІХ ғасырдан бері мұнда контрабанда және есірткі саудасының желісі тереңге тамырын жайған. Оңтүстіктің есірткі барондары жергілікті саясатқа араласып, кірігіп кеткен.

Ал Атамбаевты қамауға алу - солтүстіктің құқығына қол сұғу. Қасындағы адамдар ол Атамбаевтың жеке жақтастары ғана емес, мұқым солтүстік үшін тұратын адамдар" деп жазды ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: