Шөкеев биыл Арыста қанша баланың бірінші сыныпқа баратынын айтты
dknews.kz
Оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қалада қазір мектептер мен балабақшалар жөнделуде.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үкімет отырысындағы селекторлық кеңесте Арыс мектептерінің оқу жылына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Арыс қаласында биыл бірінші сыныпқа 1418 бала барады, - деді ол.
Әкімнің сөзінше, Арыстағы жарылыстан 16 мектеп пен балабақша зардап шекті.
- Шатырлар, терезелер мен есіктер, сондай-ақ спорттық нысандар қирады. Қазір қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылған. Сіздің тапсырмаңыз бойынша "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының қаржыландыруымен 450 млн теңгеге мектептерге жиһаз алуды жоспарлап отырмыз, – атап өтті Шөкеев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript