Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдіктерді мұнай компаниясына заңсыз "тықпалаған" осы әкім екен!

rskaktobe.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 15:45 rskaktobe.kz
Әкім кемшілігін мойындаған. Сол үшін жаза түрі ескертумен шектелген.

Әдеп кеңесі шетелдік жұмысшыларды тартуға заңсыз рұқсат берген шенеунікке ескерту берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының қазіргі Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметінде жүргенде 25 шетелдік азаматтың мұнай компаниясында жұмыс істеуіне заңсыз рұқсат берген. Бүгін ол Әдеп кеңесінде басқарманың шетелдік жұмыс күшін тарту және халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Роза Аленовамен бірге жауап берді.

"Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 519 бабы бойынша жауапқа тартылып, жергілікті атқарушы биліктің рұқсатынсыз шетелдік жұмысшыларды тартқаны үшін жазаланды. Сол үшін 1,6 миллион теңге айыппұл салынды. 2018 жылдың тамыз-желтоқсан айлары мен 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Восток нефть" компаниясына 25 шетелдік жұмысшыны алуға заңсыз рұқсат берген. Көші-қон басқармасы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бұл туралы ескерту беріп, мұнай компаниясы әкімшілік жауапқа тартылғанын айтқан. Сондықтан тәртіптік жаза қолдануды сұраймыз", - деді Ақтөбе облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Ерболат Еренов.

Әдеп кеңесіне келген қазіргі Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров өз әрекетін былайша түсіндірді:

"Шетел азаматтарын кіргізуге комиссия құрылған. Сол комиссияны облыс әкімінің орынбасары басқарады. Әрі сол жерде көші-қон басқармасының өкілі болды. Ол да шетелдік жұмысшыларды әкелуге қарсылық білдірген жоқ. Комиссия қарсы болмаған соң біз бұйрық шығардық. Дегенмен кемшілікті мойындаймыз", - деді Отаров.

Тәртіптік істерді қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес Отаровқа және Аленоваға қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолдануды ұсынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: