Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев биліктен ақша "сұрағыштарға" жауап берді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2019 20:50 Ақорда
Назарбаев жиында бүгіндері халықтың әлі де сол отыз жыл бұрынғы әдетінен танбағанына назар аудартты.

Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның мемлекетке қоятын талаптарына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Білесіздер бе, кеңес заманында басшылардың ел алдына шығып, адамдармен сөйлесуі орынсыз әрі ұят саналатын. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, кейбір фильмдерде көрсетіліп жүргендей, мен күн сайын халық алдына жиі шыққанмын. Ел-елді араладым, ондай сапарым мыңдаған, өйткені түк жоқ еді ол кезде. Жұмыс жоқ, жалақы жоқ, дүкен сөрелері бос. Барлығы жан-жақтан "бер-бер" дейтін. Неңді бересің, егер мемлекеттің түгі жоқ болса, - дейді Елбасы.

Назарбаев жиында бүгіндері халықтың әлі де сол отыз жыл бұрынғы әдетінен танбағанына назар аудартты.

- Қазір де сол. Отыз жыл бұрынғы талаптар: "Көп балам бар, маған беріңіз", "Менің жалақым аз, маған беріңіз!". Сонда не ойлап жүрген олар? Бұл сіздің проблемаларыңыз емес пе? Сіз мемлекетпен кеңескен жоқсыз кезінде. Мемлекет өзінің міндеттерін атқарып, беретінін беріп жатыр. Жоқ, тағы бер дейді, - деді Елбасы.

Сонымен бірге Назарбаев отандастарын шетелден қайтарып алған Қазақстанның тәжірибесін де еске салды.

- Біз 1 миллион оралманды қайтардық. Олар үшін жұмыс орындарын аштық. Ешбір ел мұндайды жасаған жоқ. Жұмыс істеу керек, егер жұмыс істемесең, онда ештеңе болмайды, - деді партия Төрағасы.

Оқи отырыңыз: "Ешқайсың мыңқ демедің...". Nur Otan туының жұлынғаны Елбасының жанына батыпты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: