Жаңалықтар тізбегі
0

30 мың теңгелік сертификат алған көпбалалы аналар мектеп формасына таласуда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2019 19:16 видеодан кадр
7 мыңнан астам бала мектепке қажетті киім-кешекті алып үлгермеуі мүмкін.

Мектеп формасы үшін жанталас! Нұр-Сұлтан қаласында жүзден астам көпбалалы ана киім сататын дүкенде шу шығарды. Сағаттап ұзын-сонар кезекте тұрған аналар әкімдікке өкпелі, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, жергілікті билік 30 мың теңгелік тауар алатын сертификатты баға шарықтап кеткенде бір-ақ үлестіріпті. Киім таппай сабылып жүрген аналар сертификатта бекітілген 7 дүкеннің тек біреуіне ғана ағылып жатыр. Себебі, бұл сауда орнында баға арзан және таңдау бар екен.

Сапырылысқан жұрт. Иін тірескен кезек. Улап-шулаған бала. Нұр-Сұлтан қаласында мектеп формасын сататын дүкендердің бірінде үш күннен бері осындай қарбалас. Жаңа оқу жылында ұл-қыздары ел қатарлы киінсін деген жұрт ішке кіру үшін жанталасып жатыр.
Айта кетейік, елорда әкімдігі жақында көмек ретінде көпбалалы аналарға 30 мың теңгенің тауарын алуға мүмкіндік беретін сертификат үлестірген еді. Алайда сертификатта бекітілген дүкендердің бірінде қара құлып тұрса, енді бірінде баға аспандап кеткен. Оған қоса, балаларға шақ келетін киім жоқтың қасы.

Мектеп формасын таппай сандалған аналар амалсыздан таңдауы көп дәл осы дүкенге ағылуда. Таңнан бері кезекте тұрған аналар сертификатта белгіленген сауда орнындағы бағалар аспандап кеткен деп ашынады.

Лейла Шүкешова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Сарафандар 8 мың теңгеден. Қара базардан 5 мың теңгеге алуға болады. Амал жоқ. Балаларым үшін аламын. Сертификатта жазылған дүкендерде таңдау мүлдем жоқ. Екі баламды киіндіруім керек. Қалай жеткізерімді білмей басым қатты. Мына дүкеннің ішіне әлі кіре алмай тұрмын.

Дүкен сатушылары мұндай қарбаласты күтпесе керек. Халық лап бермесін деп есікке күзетші қойған. Кәсіпкерлердің билік өкілдеріне де өкпесі қара қазандай. Олар аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек тым кеш берілді деп отыр.

Бейбіт Күлшебаева, кәсіпкер:

- Жеті дүкен бар. Неге сол жаққа бармайсыздар деп сұрап жүрмін. Ол жақта ештеңке жоқ дейді. Қалай сонда? Сауда қызған шақта сертификатты үлестіруге бола ма? Баға туралы көп сұрайды. Біздің киімдер өте сапалы. Сондықтан баға да қымбат.

Бұлай жалғаса берсе, көмек берілген 7 мыңнан астам бала мектепке қажетті киім-кешекті алып үлгермеуі мүмкін. Сондықтан дүкен сатушылары жұмыс уақытын ұзартуға мәжбүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: