Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында жүр

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 17:20 Facebook
Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді", деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Жұмыс жоспарына сәйкес, Президент түстен кейін Жезқазғанға барады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ "Жезкиік" халықаралық музыка фестивалінде болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: