Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағына барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 20:18 Ақорда
Өңірдің индустриялдық әлеуетімен танысу "Бёмер Арматура" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басталды.

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің индустриялдық әлеуетімен танысу "Бёмер Арматура" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басталды. Бұл – неміс технологиясы бойынша шарлы ілмекті арматура шығаратын бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын. Аталған өнім түрі мұнай-газ секторы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сұранысқа ие.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 20:18

Мемлекет басшысы содан кейін "Recycling Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Қазақстандағы ескі көлік құралдарын өңдейтін тұңғыш зауытта болды. Жылына 50 мың автомобильге дейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін балқыту цехының жұмысы мен шредерлік құрылғы Президенттің ерекше қызығушылығын туғызды. Машиналарды жинап, өңдеудің кешенді әдісі еліміздің автомобиль паркін жаңартуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 20:18

"Альфарух" көтерме-бөлу орталығында Қасым-Жомарт Тоқаев кросс-док, климаттық қойма мен көтерме-бөлшек орталығын аралап көрді. Президент аталған нысанның транзиттік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын және Қарағандының тәжірибесін басқа өңірлерге енгізу қажеттігін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 20:18

Сондай-ақ, мұнда Қарағандыдағы тұрғын үй құрылыстарының жүргізілу барысына арналған таныстырылым рәсімі өтті. Мемлекет басшысына алдағы уақытта облыс орталығының ажарын аша түсетін жаңа сәулет жобалары көрсетілді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағандының жаңа орталығында бой көтеретін тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен спорт кешендері туралы баяндады.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 20:18

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: