Димаш пен Головкиннің жеке заттары аукционда сатылды
Бурабай курорттық аймағында қайырымдылық аукционы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Bnews.kz-ке сілтеме жасап.
Аукционда 10 лот болды – оның бәрі танымал қазақстандықтардың жеке заттары.
Димаш Құдайбергеннің пиджагін бір кісі 600 мың теңгеге сатып алды. Оның бастапқы құны 200 мың теңге болатын. Ал Геннадий Головкиннің қолы қойылған бокс қолғабы 1 млн 200 мың теңгеге өтті, бастапқы құны 100 мың теңге болатын.
Қазақстандық фристайл шебері Юлия Галышеваның шаңғысы 140 мың теңгеге, "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Мадияр Ибрайбековтың формасы 100 мың теңгеге сатылды. "Ақтөбе" футбол клубының формасы мен ойыншыларының қолы қойылған допқа таласушылар көп болды: 10 мың теңге деп басталған сауда 120 мың теңгеге жетіп бірақ тоқтады.
Жалпы, Burabaik Fest фестивалінің екі күнінде 297 млн 105 мың 17 теңге жиналды.
Бұл қаражат үш ауылдық және екі аудандық ауруханаға медициналық жабдықтар алуға жұмсалады.