Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2019 23:43 Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Жамбыл облысына сапары барысында Меркі ауданына барып, өңірдегі ірімшік зауытының жұмысымен танысты.

Бүгін, 26 тамызда Мәжіліс депутаттары Серік Сейдуманов пен Светлана Бычкова Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың уақытша қабылдау орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Онда депутаттар мекеме қызметкерлерімен және орталықта орналастырылған балалардың ата-аналарымен кездесті.

С.Бычкова балалардың құқықтарын қорғау тақырыбы өзекті екендігін атап өтіп:

- Біздің аталған ұйымға келу себебіміз, балалардың құқықтарын қорғау саласында қызмет атқаратын мекемелердің қызметіне қатысты заң жобасы әзірленіп, Мемлекет Басшысымен қол қойылды. Осыған орай, қызметкерлер пікірлерін тыңдап қандай мәселелер бар екендігін қарастыру біз үшін маңызды болды. Сондай ақ, біз балалардың құқықтарын қорғау, бақылаусыз қалған балалар туралы заңнамалар аясында жұмыстарды жалғастырамыз", - деді.

Өз кезегінде мекеме басшысы Б. Беркімбаева:

- Осы мекеменің ашылғанына биыл 12 жыл болды. Алматының 8 ауданынан балалар келіп түседі. Кейбір кездерде сырттан да балалар келеді. Көпбалалы ата-аналар өздері арыз жазады. Екі-үш ай балаларымды қарап берсеңіз, бір жерге орнығып алғанша, жағдайымызды түзеп алғанша деген өтініштер түседі. Жалпы 7 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Бес мезгіл балаларға тамақ беріледі. Киім-кешекпен қамтамасыз етеміз. Оқу жылының басталуына орай мектеп формасын, құжаттарын, оқу құралдарын да дайындап қойдық. Белгіленген тәртіп бойынша балалар бізде алты айға дейін болады. Көбінесе біз балаларды өзінің үйіне жіберуге тырысамыз. Мәжіліс депутаттарының арнайы орталыққа келіп, әлеуметтік бағдарламаларды түсіндіріп, ата-аналар мен балалармен әңгімелесуі бізді өте қуантты", - деді.

Сонымен қатар, бүгін Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Жамбыл облысына сапары барысында Меркі ауданына барып, өңірдегі ірімшік зауытының жұмысымен танысты.

Кездесуде кәсіпорынның өндіріс жұмыстары жөніндегі меңгерушісі Людмила Галенцова зауыт жұмысы туралы айтып, мұнда негізінен сүт өнімдерінің 70-ке жуық түрі өндірілетінін жеткізді.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай елімізде ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға барлық мүмкіндік жасалып, үнемі қолдау болатынын жеткізді.

Депутат сырттан келетін өнімдерді емес, қазақстандық тауарды тұтыну қажеттілігіне тоқталып, отандық өнімдердің сапалы, пайдалы әрі қолжетімді болуы жолында көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін несие, қаржылық грант түріндегі қолжетімді бағдарламаларды тілге тиек етті.

Бүгін Шымкент қаласында Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракция мүшесі Бақытбек Смағұл "Болашақ 7" ЖШС-нің жұмысымен танысты.

- "Болашақ 7" ЖШС-дегі өнімдердің шикізатының 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыт соңғы технологиямен жабдықталған, өніміміз сапалы болғандықтар сұраныс бар. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап іске қосылған зауытта 80-нен астам жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Жалақы 140-160 мың теңге көлемінде. Одан бөлек 50 жуық жұмысшы өнімді таратуға тартылған, - дейді кәсіпорын директоры Ерлан Омаров.

Одан әрі депутат өндіріс орны жұмысшыларымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, осы күні Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Сергей Симонов Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытына барды.

Зауыттың тыныс-тіршілігімен "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ бас директоры Гасал Мусин таныстырды.

- Зауыттың ашылу рəсіміне қатысқан едік. Ол кезде кәсіпорынның өзекті мәселелері өте көп болған-ды. Арада өткен жылдар ішінде осы мәселелердің шешімін тапқанын көріп отырмын. Кәсіпорынның талпынысы өте жақсы. Əрі қарай дами түссе, адамдардың да тұрақты жұмысқа, тұрақты жалақыға қызығушылық танытары анық. Сонымен қатар жұмысшыларды тегін тамақтандырып, тасымалдау жағы қарастырылған. Яғни, адамдар қуана жұмыс істеп, табыс табады. Сондықтан осы кәсіпорында барлық өндірістік, әлеуметтік мәселелерді шешу саясаты тиісті деңгейде жүргізілуде деп есептеймін, - деді Сергей Симонов.

Кездесуде Мәжіліс депутаты атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2019 23:43

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: