Алматының Сайын көшесіне де 80 белгісі орнатылады
prosedan.ru
Жол белгілері кешке дейін ауыстырылады.
Сайын көшесінің жылдамдық тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 00:00-ден бастап әл-Фараби мен Шығыс айналма жолында шекті рұқсатты жылдамдық сағатына 80 шақырым болып өзгерді. Тек екі учаскеде – Бағанашыл ықшамауданына бұрылатын жер мен Кіші Желтоқсан көшесінің тұсында бұрынғыдай жылдамдық шектеуі 60 болып қалды.
- Біз Сайын көшесіне қосымша сараптама жүргізіп, ол көшеде де рұқсатты жылдамдықты 80-ге дейін арттыруды шештік. Камералар қайта бапталды, жол белгілері кешке дейін ауыстырылады, - деді Алматы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript