Раушан Қажыбаева ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры болды

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2019 16:34 facebook.com
Қажыбаева бұрын республикалық "КТК" және "Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген.

Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.


Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ республикалық "КТК" және "Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: