Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда гейлердің митингі өтпейтін болды

ozakone.com ozakone.com
Нұр-Сұлтан әкімі гейлер мен лесбилер митингіне рұқсат бермеді

Нұр-Сұлтан әкімдігі ЛГБТ-қауымдастығының мүддесі үшін митинг өткізуге берілген өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық белсенді Айдар Елкеевтің "Қазақстандағы ЛГБТ-қауымдастығының құқығын, заңды мүдделерін қорғау" мақсатында митинг өткізуге берген өтінішіне рұқсат берілмеді.

- "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" ҚР Заңының 3-бабы қоғамдық орындарда акция өткізуге өтініштер мазмұнына нақты талаптарды анықтайды. Атап айтқанда, жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация туралы өтініш жазбаша түрде өткізілетін күніне дейін 10 күн бұрын беріледі. Өтініште іс-шараның мақсаты, нысаны, орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжалды саны, уәкілетті (ұйымдастырушылар) және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері және жұмыс (оқу) көрсетіледі. Өтініш беру мерзімі жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде митинг өткізуге рұқсат беру туралы жазбаша өтініш қанағаттандырылмайды, өйткені мәлімдеменің мазмұны нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді, - деп түсіндірді елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастырудың және өткізудің белгіленген тәртібін бұзғандар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынын еске салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: