Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 9 миллион 406 мың гектар жайылымдық жер бар

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 01:10 Zakon.kz
Ал, осы жайылымдық жерлерді пайдалануда тиісті талаптар қаншалықты сақталып отыр?

Бүгінде Жамбыл облысының жалпы жер қоры 14 426,4 мың гектарды құраса, оның 65 пайызы, яғни, 9 миллион 406 мың гектары жайылымдық жерлер. Ал, осы жайылымдық жерлерді пайдалануда тиісті талаптар қаншалықты сақталып отыр? Бірқатар аймақтарда мал басына шаққанда жайылымдық жерлердің тапшылығының туындауына не себеп? Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында осы және өзге де сауалдарға жауаптар беріліп, кездесіп отырған мәселелер талқыланды.

Жиында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов баяндама жасады. Ол жалпы жайылымдық жерлерге жүргізілген талдау қорытындысына тоқталып, "Жайылымдар туралы" Заңының талаптары мен нормаларының орындалмай отырғандығын тілге тиек етті. Басқарма басшысының айтуынша, бекітілген жайылымдар жүктемесі нормаларының сақталмауынан елді мекендер маңындағы жайылымдардың тозу үрдісі мен мал басына шаққандағы жетіспеушілігі туындап отыр. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының ауласындағы мал басына қажет жайылымдар көлемі 3 миллион 600 мыңнан аса гектарды құрап отыр. Алайда, бірде-бір мал басы жоқ болғанымен өз иелігінде айтарлық жайылымдық жерлерді ұстап отырған агро құрылымдар бар екен. Ондай агро құрылымдардың саны – 5574. Оларда барлығы 1 миллион 700 мыңнан аса гектар жайылым алқап тіркелген. Бұл деректер аталмыш басқарманың мониторинг жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Басқарма басшысы мал басы мен иелігіндегі жайылымдық жерлерінің аумағы сәйкеспейтін шаруа қожалықтардың да бар екенін ашып айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 01:10

Облыс әкімі пайдаланусыз жатқан жайылымдық жерлерді қолданыстағы заңнама аясында мемлекет меншігіне қайтару және қайта іске қосудың маңыздылығын баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Ол бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі кестесін түзіп, жоспарын бекіту үшін тиісті тұлғаларға он күн уақыт берді. Бұл шараларға аудан, ауыл басшылықтарын да барынша тарту қажеттілігі айтылды.

Асқар Исабекұлы нормаға сәйкес өңірдегі барлық елді мекендердің қайта есептеу мен саралаудан өткізу керектігін баса айтты. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерді күтіп ұстау, ондағы жалға алушылардың міндеттелемері бойынша талдау шараларын жүргізудің қажеттілігіне көңіл бөлді. Өңір басшысы нормативтерді облыс деңгейінде қайта қарауды, ол бойынша аудандардың ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ, орман қорындағы жайылымдық жерлердің нақты көрсеткішін анықтауды, оны тиімді пайдалана отырып, қажеттілікті барынша табиғи жайылымдар есебінен шешу керектігін баса айтты. Бұл бағытта тиісті салалық басқармалар ортақ мақсатқа ойыса, жұмылған жұдырықтай жұмыс істеуге міндеттелді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 01:10

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: