Жаңалықтар тізбегі
0

"ТҮРКСОЙ" жастар камералық оркестрінің концерті түркістан қаласынан бастау алды

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 02:58 Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
Концерт барысында облыс әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы өнерпаздардарға сәттілік тілей отырып, Татарстанның Халық артисі, біздің жерлесіміз, Түркістанның тумасы, дирижер Ренат Салаватовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бүгін Түркістан облысында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында өтті.

27 тамыз күні Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында отандық және шетелдік өнерпаздар түркістандық көрермендер алдында алғаш рет өнер көрсетті. Концерт барысында облыс әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы өнерпаздардарға сәттілік тілей отырып, Татарстанның Халық артисі, біздің жерлесіміз, Түркістанның тумасы, дирижер Ренат Салаватовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

"Өздеріңізге белгілі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 2017 жылы Түркістан қаласын "Түркі әлемінің мәдени астанасы" етіп жариялаған болатын. Өте жоғары деңгейде өткен бұл халықаралық ірі жобаның ізін суытпай, өткен жылы Елбасымыздың бастамасымен облыс атауы "Түркістан облысы" болып өзгертіліп, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласында "Жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет" деген болатын. Біздің ұйым осы мақсатта өткен жылы да жаңа ашылған облыс орталығында бірнеше шара ұйымдастырған еді. Биыл да сол дәстүрді жалғастырып, ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің кезекті концерттік турнесі 2017 жылғы "Түркі әлемінің мәдени астанасы" – Түркістан қаласында ұйымдастырылп отыр. Аталмыш Концерттік турне Қазақстанның Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзірбайжанның Баку қаласында жалғасатын болады. Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзірбайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік ететін болады. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың айтуынша, ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің бұл жолғы концерттік турнесі Түрік Кеңесінің (Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі) құрылғанына 10 жыл толуы құрметіне арналып отыр. ТҮРКСОЙ ұйымының да, Түрік Кеңесінің де мақсаты бір – түркітілдес халықтардың ынтымақтастығын дамыту. "Бұл оркестр – мәдени құндылықтарымызға негізделген мақсатты жұмысымыздың көзге көрінген нақты нәтижесі. Сондықтан, жас та болса халықаралық аренада танымалдыққа ие болған өнерпаздарымыздың өнерін тамашалауға шақырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 02:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 02:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 02:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 02:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 02:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: