Жаңалықтар тізбегі
0

Мырзахметов білім саласында грант бөлуде қажетті мамандықтарға басымдық беруді тапсырды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 19:56 пресс-служба
Облыс басшысы АӘК алатын отбасыларындағы мектеп бітіруші балалардың санын, олардың қаншасы мемлекеттік грантқа қол жеткізгенін немесе жеткізбегенін анықтау керектігін баса айтты.

Өңірдегі жоғары оқу орындарындағы білім сапасы көңіл көңшітеді ме? Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бөлінген білім гранттары қалай игерілуде? Маман даярлауда нағыз қажеттіліктер ескерілуде ме? Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында осы және өзге де мәселелер қаузалды.

Басқосуда облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына арналған гранттарды бөлу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша бұл орайда жергілікті бюджеттен 39, республикалық бюджеттен 460 білім гранты қарастырылған. Алайда, оның игерілуі ойдағыдай дей алмаймыз. Атап айтар болсақ, бүгінде бұл гранттарға 153 талапкер өтінім берсе, оның 114-і ғана іліге алған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 19:56

Асқар Исабекұлы жаңа оқу жылының таяп қалғандығын ескеріп, бөлінген грантты игеру жұмыстарынын сылбырлығын сынға алды. Өңір басшысы бүгінде облыста 44 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар екендігін, оның 34 мыңы атаулы әлеуметтік көмек алатынын тілге тиек етіп, бұл бағыттағы шаралардың ойдағыдай орындалмау себебін сұрады. Басқарма басшысы АӘК алатын отбасыларға бөлінген бұл гранттардың бос тұрғандығын талапкерлердің таңдаған мамандықтарына сәйкеспеуінен деп түсіндіруге тырысты.

Облыс басшысы АӘК алатын отбасыларындағы мектеп бітіруші балалардың санын, олардың қаншасы мемлекеттік грантқа қол жеткізгенін немесе жеткізбегенін анықтау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, грант бөлуде қажетті мамандықтарға басымдық беру керектігіне айрықша тоқталды. Бұл ретте аса қажет мамандықтарға деген шынайы сұранысты қалыптастыратын жүйе қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Асқар Исабекұлы қажеттілігі төмен мамандықтарға гранттар бөлгенше, қаржыны тиімді бағытта жұмсау керектігін жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 19:56

Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жолданып, ол бойынша жұмысшы топ құрылатын болды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында өткен жылы дуалды оқыту жүйесімен оқуын аяқтаған 1588 түлектің 75 пайызы жұмыспен қамтылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: