Жаңалықтар тізбегі
0

Білім күніне орай әулиеаталық тұрғындар баспаналы болды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 19:50 Zakon.kz
1-қыркүйек білім күніне орай Жамбыл ауданы Аса ауылы "Бәйтерек" ықшам ауданында жаңа пәтер пайдалануға берілді.

Жамбыл облысында Баспана – бақыт шамы. Бүгін бір топ жамбыл ауданының тұрғындары осындай бақытқа ие болды. 1-қыркүйек білім күніне орай Жамбыл ауданы Аса ауылы "Бәйтерек" ықшам ауданында жаңа пәтер пайдалануға берілді. Оған облыс басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, пәтер иелеріне кілттерді салтанаттарды түрде табыстады.

Арендалық негізде берілген пәтерлер негізінен көпбалалы және толық емес отбасыларға үлестірілді. Барлығы 18 отбасы қоныс тойын тойлауда. Аудандық бюджеттен қарастырылған қаржыға бой көтерген нысан құрылысын "Бином" ЖШС-і жүргізген. Жоба құны – 146,9 млн. теңге.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 19:50

Айта кетейік, облыс бойынша көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 120 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды. Оның 93-і арендалық үй, 27-і демеушілер есебінен. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы, бұған дейін хабарлағанымыздай Конституция және Білім күні мерекелеріне орай облыс бойынша 800-ге жуық пәтерді құрайтын 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 9-ы Тараз қаласында, 2-і Жамбыл Және Талас аудандарына тиесілі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 19:50

Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 19:50

Баспана-қай уақытты да өзекті мәселе. Қала халқының саны өсуімен тұрғын уйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын аудан орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын уйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі",- деді өңір басышы өз сөзінде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2019 19:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: