Президент жолдауында күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отыр
Енді айтылған міндеттерді қажырлы еңбекпен, бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Нәтижесінде, мемлекетіміздің даму жолытағы да бір сатыға көтерілетіні анық.
Өздеріңізге белгілі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған Президентіміздің алғашқы жолдауында еліміз қажет ететін бір қатар күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отыр.
Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту тұрғысында айтылған нұсқаулықтарымына біз, білім саласы қызметкерлерінің көңілінен шығып отыр. Жолдаудағы мәселелер қарқынмен жүзеге асса елімізде жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып, білімді, кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар саны артары сөзсіз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде, "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек,- депатапөтті. Расында қазір ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы айқын байқалады. Сондықтан бұл жолдада біздің оқу орыны атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі күшейтіп, белсінділікті арттырмақ.
Жолдауда атап көрсетіліп, үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және жұмыспен қамту, еңбек ақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.
Енді айтылған міндеттерді қажырлы еңбекпен, бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Нәтижесінде, мемлекетіміздің даму жолытағы да бір сатыға көтерілетіні анық.
Университет ұжымы Қазақстан Республикасының халықаралық аренада жан-жақты дамыған, сенімді, тұрақты, беделді, бейбіт ел ретінде танылуына бар күш-жігерін салып, атсалысады.
Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекетімізді өркендету жолында Президент айқындаған стратегиялық бағытты әрдайым ұстансақ, ұлы істерді, жетістіктерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Бұл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті.
Университеттің өкілдері жоғары білім беру жүйесінің сапасына қойылатын талаптарға ерекше назар аударып отыр. Осы орайда жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру үрдісін ескере отырып, университеттің түлектерінің білім сапасын арттыру қажет. Өйткені, университеттің табыстылығын бағалаудың негізгі критерийі - жоғары оқу орнынан кейінгі жұмысқа орналасу, жоғары ақы төленетін жұмыс орындарында жұмыс істеу.
Қалай десек те, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – бір күнде айтыла салған әңгіме емес, бұл елдің болашағы үшін тереңнен толғанып шешілген өте маңызды тарихи құжат.
Ректор ТарГПУ Жан Әмірбекұлы