Абайдың өлеңін Джек Ма оқып, эстафетаны Головкинге берді

itc.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2019 14:18 itc.ua
Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады.

Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңін оқыды.

"Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін",- деді қытайлық миллиардер.

Ол Абайдың:

"Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй" деген өлеңін оқыды.

Соңында, Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: