Жаңалықтар тізбегі
0

Министр әуе билеттері қалай арзандайтынын айтты

Тengrinews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2019 16:22 Тengrinews.kz
Биыл мамыр айында іске қосылған алғашқы отандық Fly Arystan атты арзан тасымал қызметінің рейстер саны жыл соңына дейін 14-тен 28-ге дейін, яғни екі есеге арттырылмақ.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында авиабилеттерді қалай арзандатқалы жатқандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Жолдаудағы тапсырманың бірі - әуе билеттерінің қолжетімділігі туралы болды. Билеттердің қымбат болуының басты себебі – сұраныстың жоғарылығы және ұшақтардың жүк тиеу көлемінің шектеулігі, - деп түсіндірді ол.

Дегенмен Министрлер Кабинеті басшысының орынбасары тарифтердің құнын төмендету мақсатында биыл мамыр айында алғашқы отандық Fly Arystan атты арзан тасымал қызметі іске қосылғанын баса айта келіп, оның рейстер санын жыл соңына дейін 14-тен 28-ге дейін арттыру жоспарлары барын жеткізді.

- Сонымен қатар, үкімет "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-пен бірлесе отырып, ұшақтар паркін ұлғайту үшін "Эйр Астана" және "Qazaq Air" авиакомпанияларын қосымша капиталдандыруды жоспарлап отыр. Оның үстіне Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялауды соңына жеткізу есебінен авиациялық жанармай бағасын төмендету жұмыстарын жалғастырамыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, пойыз билеттерінің жетіспеушілігін және заңсыз делдалдық әдістерді болдырмау үшін билеттерді сатуды цифрландыру жүргізілуде, билеттерді сату тәртібін реттейтін норма енгізіліп, теміржол жолаушылары тасымалы жүйесін жетілдіру жоспары әзірленіп жатыр екен.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында әуе билеттерінің қымбаттығына назар аударды. Мемлекет басшысы осыған байланысты Қазақстанның авиациялық саласы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып, елдің транзиттік әлеуеті төмендеп бара жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, тиісті министрліктердің көз жұма қарауы салдарынан теміржол билеттерінің жетіспеушілігі қолдан жасалуда. Президент осы мәселелерді шешіп, осы бағыттардағы тәртіпті жедел қалпына келтіруді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: