"Барыс" ҚХЛ-дегі жаңа маусымын жеңіліспен бастады
Нұр-Сұлтанның "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасындағы бірінші матчында Владивостоктан келген "Адмиралға" жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл кездесу 3 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда ойналды.
Матчтың тағдыры екінші кезеңде шешілді, сан басымдығы кезінде қарсыластардың швециялық легионерлері Маркус Юнг 32-ші минутта, Адам Альквист 37-ші минутта "Адмиралды" 2:0 есебімен алға шығарды.
Үшінші кезеңде сан басымдығы кезінде "Барыстың" канадалық жаңа ойыншылары – Адам Хелуканың пасынан соң Корбэн Найт есепті қысқартты.
Матч соңында "Барыс" қақпашы Эдди Паскуалені алып тастады, бірақ ойынды құтқара алмады, 60-шы минутта бос қақпаға қарсылас үшінші шайбасын салып кетті.
"Барыстың" келесі ойыны 5 қыркүйекте тағы да Нұр-Сұлтанда өтеді, сағат 19:30-да Хабаровсктен келетін "Амурмен" кездесуі басталады.