Алматы әкімдігінің алдына халық жиналды

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 17:58 Википедия
Олар Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға қарсы.

Алматы әкімдігінің алдына бір топ адам жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиналғандар Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға, жалпы елге Қытайды кіргізуге қарсы. Тіпті Алматыға кіріп үлгерген қытайларды шығарайық деген талап қоюда

Жиналған халықтың алдына әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шығып, небір шағымдар мен халықтың өкпе-назын тыңдап тұр. Арасында өзі де бірдеңелерді түсіндіруге тырысып бағуда.

Бұған дейін Жаңаөзеннің 500 тұрғыны орталық алаңға шығып, Қытайдың 55 зауытына көнбейтінін білдірген. Тоқаев "Қытайдың ешқандай зауытын салдырмаймын, сол елдің инвестициясы керек емес", деген қағазын көрсетсін деген талап қойған болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: