Ақмола облысында жарияланған карантин алынып тасталды
Баспасөз қызметі
Төрт түліктің арасында бұл індеттің жұғуы мен одан қырылу фактісі тіркелмеген.
Ақмола облысында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Ақмола облысының Аршалы ауданы Ольгинка ауылында сібір жарасына байланысты 17 тамыз күні карантин жарияланған болатын. Ол кезде 5 адам сібір жарасы күдігімен ауруханаға түскен.
"Ауылдағы барлық үй-жайларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жаңадан ауру қоздырғыштары анықталған жоқ. Төрт түліктің арасында бұл індеттің жұғуы мен одан қырылу фактісі тіркелмеген. Аймақта эпидемиялық жағдай қалыпты. Бұған дейін ауруханаға түскен тұрғындар емделіп, үйлеріне босатылды",– делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript