Шымкентте моншадағы мектеп уақытша жабылды
Шымкентте моншада оқып жатқан екінші ауысымның балалары дәрісті № 80-ші лицейдің бас ғимаратында жалғастырды. Бұл ғимаратта бала оқытуға әлі санитар мамандар тарапынан ресми рұқсат берілмеген екен, деп хабарлайды Zakon.kz Astana.tv-ға сілтеме жасап.
Санэпидемиологтар өздеріне ешқандай өтініш түспегенін айтты. Өтініш түскен жағдайда зертханалық тексеру жүргізіп, сосын шешім қабылданынын жеткізді.
Ералхасын ТҮКТІБАЙ, ҚҰТТЫБАЙ ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Біздің талап бойынша орындалса талаптар мектепке айналдыруға болады. Біз жаңа көріп шыққанымызша терезелер оқушының арт жағынан түсіп отыр. Күн сәулесі сол жағынан немесе оң жағынан түсуі керек. Одан кейін екінші қосылған ғимараттың жөндеу жұмыстары әлі бітпеген, әжетханасы бітпеген ремонттары.
Ал мектеп басшысы құжаттармен нысан қожайынының араласып жатқанын алға тартты. Дегенмен жауапты мамандар тексермеді дегенмен келіспейді.
Сәуле ҚАЛЫБЕКОВА, № 80 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Ғимараттың иесі бізге кепілдік хат берген, 5-қыркүйекке дейін СЭС-тен "разрешение" алып береміз, қазір анализ алынып, жүріп жатыр, өтініш тасталды. 1-5 қыркүйек аралығында тегін оқуға мен рұқсатымды берем деген хаты бар, кепілдік хат. Сондықтан біз баланы кіргіздік. Бір рет тексеріп кеткен. Екіншісін лабораторияның жауаптары шығу керек, соны күтіп жатырмын дедім.
Бұл мәселеге нұротандықтар да араласты. Түстен кейін ата-аналардың басын қосып, базынасын тыңдады. Жалдамалы нысан мектеп болып қалатын болды. Тек бір ай шамасында, мердігер ғимаратты барлық талапқа сәйкестендіруі тиіс. Оған дейін бастауыштың балғындары бас ғимаратта оқи тұрмақ. Орын тапшылығын шешуі үшін ересек сыныптың оқушылары көрші мектепке қатынайтын болып келісілді.