Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр

Facebook/ Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 20:32 Facebook/ Берік Уәли
Ол жер қойнауын пайдаланушылардың табысын ғылыми-техникалық зерттеулерге бағыттау кезінде ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді құру үшін тиісті институционалды инфрақұрылымды анықтау қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отын-энергетика саласын дамыту қоршаған ортаға зиянын тигізбей жүзеге асырылуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Атырауға жасаған жұмыс сапары кезінде айтты.

- Отын-энергетика саласын дамыту қоршаған ортаға зиян тигізбейтіндей жүзеге асырылуы керек. Таза қоршаған орта - бұл қазақстандықтардың әл-ауқаты мен ұлт денсаулығының маңызды шарты, - деді Тоқаев.

Ол жер қойнауын пайдаланушылардың табысын ғылыми-техникалық зерттеулерге бағыттау кезінде ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді құру үшін тиісті институционалды инфрақұрылымды анықтау қажет екенін атап өтті.

- Инновациялық технологияларды енгізу табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Біз заңды түрде жер қойнауын пайдаланушыларға табысының 1 процентін ғылыми-техникалық зерттеулерге бағыттауды міндеттедік. Ол үшін осы қаржыны игеруді қадағалайтын нақты және ашық тетіктерді құру қажет. Осы мақсатта тиісті институционалды инфрақұрылымдарды анықтау керек. Мұнда инновациялар мен жаңа технологияларды ынталандыру, зерттеулерді қаржыландыру үшін үлкен резервтер бар, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Атырау облысында жұмыс сапарымен жүр. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев бір мұнайсервис компаниясында болып, Қазақстанның мұнай саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс өткізеді. Сондай-ақ Президенттің бұл жұмыс сапары жоспарында Қазақстан мұнайының 120 жылдығы мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысуы да қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: