Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстандағы балықтардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 20:52 видеодан алынды
Қазір осы іске қатысты барлық материалдар облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді.

Орман шаруашылығы инспекциясы мамандары мен экологтар зертханалық сараптама тағайындап, арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Комиссияның қорытындысы бойынша су мен балықтан алынған сынамада пестицид пен тұздың мөлшері 3 есеге артық болып шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

"Салдарынан осындай келеңсіз жәйт тіркелді" дейді жауаптылар. Бүгінгі күні аталған іс құқық қорғау органдарына жіберілді. Ал қоршаған ортаға келтірілген шығын 200 мың теңге шамасында.

Тамыз айының 20-сы күні өңірдегі Толыбай көлінде жалпы салмағы 185 келі мөңке балығының өлекселері табылып, ол арнайы орында өртелген болатын.

Елдар Кәкібаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Ветеринарлық зертханада жүргізілген сараптама мен экологтардың қорытындысы шықты. Тексеріс барысында пестицид пен тұздың құрамы үш есеге дейін артқандығы белгілі болды. Қазір осы іске қатысты барлық материалдар облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді. Енді суға бұл зиянды заттардың қалай түскенідігін солар анықтайтын болады

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: