"Әділдік индексі" бойынша ортақ келісімге келу қажет – Тоқаев

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 21:57 Хабар 24
Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Мұнай-газ компанияларының әлеуметтік аударымдарының арқасында мыңдаған азаматтарымызға, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін заманауи мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары, басқа инфрақұрылым нысандары салынды. Дегенмен, біз бір орында тоқтап қалмауымыз керек.

Біз өндіріс деңгейін жүйелі негізде арттыруымыз қажет. Осыған байланысты мен Үкіметке Консорциумның мердігер компанияларымен бірлесіп, Қашаған кен орнын толыққанды игерудің Жол картасын қысқа мерзім ішінде келісуді тапсырамын.

"Әділдік индексі" аясында туындаған мәселелер бойынша ортақ келісімге келу қажет. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр. Сондықтан Үкімет түсетін табысты толық көлемде алу жағынан Қазақстанның мүддесін қорғай білуі тиіс.

Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету, негізінен, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кен орындары есебінен жүзеге асырылып отыр. Мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай көлемінің азаю қаупі бар. Ресурсты тиімді пайдалану үшін Үкімет нақты ұсыныстар енгізуі қажет, – деді Тоқаев кеңесте.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: