"Ыстықкөл – Аңырақай-2019" оқу-жаттығуы аяқталды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 19:57 пресс-служба
Одан басқа, екі елдің әскери бөлімшелері құрама жасақ құрамында қарсыластың барлауына дайындалу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің "Ыстықкөл – Аңырақай-2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығының базасында аяқталды.

Теориялық және практикалық сабақтар барысында екі елдің әскери қызметшілері таулы, тактикалық арнайы даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімдерін жетілдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 19:57

Таулы дайындық маңызды практикалық кезең болды. Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісінің айтуынша, біздің жеке құрам сақтандыруды пайдалана отырып, тауға өрмелеу мен түсу, сондай-ақ таулы жерде қозғалу бойынша жаттығуларды сапалы пысықтады.

Одан басқа, екі елдің әскери бөлімшелері құрама жасақ құрамында қарсыластың барлауына дайындалу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 19:57

"Ыстықкөл – Аңырақай-2019" оқу-жаттығуы бірлескен жұмыста екі елдің бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін, үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан оқу-жаттығуға екі арнайы мақсаттағы топ және бір броньдалған топ қатысты. Барлығы 30-ға жуық әскери қызметші.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 19:57

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түрде жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Өткен жылы "Аңырақай-2018" оқу-жатығуына екі мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: