Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы" жобасы ұйымдастырылды

"Bolashaq", сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 20:19 "Bolashaq"
"Bolashaq" Қауымдастығы Алматы қаласында "Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы" жобасының кезекті жиынын өткізді.

Екі күнге жалғасқан нетворкингке 18-29 жас аралығындағы 200-ге тарта жас қатысты. Арнайы шақырылған спикерлер шараға қатысушы жастарға маңызды ақпараттар беріп, кеңірек пікір алмасты.

Нархоз университеті атынан қатысқан америкалық ерікті Кэти Кюриэль тақырып аясында ойын ортаға салып, өз тәжірибесін бөлісті.

- Қазақстанда болған бірнеше күнде 300-ге жуық жас белсендімен сөйлестім. Олар өз салаларын жақсы біледі және өте белсенді. "Bolashaq" Қауымдастығы жастарға осындай мүмкіндік жасағанына қуаныштымын. Қабілетті, білімді жастарға қолдау қажет. Қазақстан географиялық тұрғыда өте қолайлы орналасқан. Мемлекеттің қарқынды дамуы жастарға тікелей байланысты. Жастар ұйымдарын қолдау мақсатында АҚШ Қазақстанмен бірлесіп жұмыс жасауға дайын, - дейді Кэти Кюриэль.

Шараға қатысушы жастар "Қазақстан жастары конгресі" ЗТБ атқарушы директоры Нұрлан Өтешовтің "Жастар саясатының маңызды трендтері" атты тренингіне қатысты. Спикер жастар саясатындағы жаңа ұғымдар мен өзекті мәселелерге назар аударып, жаһандық өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 20:19

Айта кетсек, "Bolashaq" Қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды.

"Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы" жобасы Алматы қаласынан өзге Шымкент, Павлодар өңірлерінде жалғасын табады. Жоба нәтижесі бойынша ҮЕҰ мен ЖРО-ның ең үздік қазақстандық тәжірибесі негізінде арнайы жинақ жарық көреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: