Ұлттық экономика министрлігі жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті
whatsapped.ru
Баспасөз қызметі атап өткендей, министрліктің қызметі туралы ресми ақпаратты ресми ресурстардан немесе оның әлеуметтік желілердегі парақшасынан оқуға болады.
Ұлттық экономика министрлігі өз аттарынан әлеуметтік желіге жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті. Жалған хабарламада "Ұлттық экономика министрлігі жүргізген сауалнамаға қатысып, 350 000 теңге ұтып ал" деп көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
- 8 қыркүйектен бастап әртүрлі месенджерлер арқылы тараған бұл хабарлама жалған және оның Ұлттық экономика министрлігіне ешқандай қатысы жоқ, - дейді ведомствадағылар.
Баспасөз қызметі атап өткендей, министрліктің қызметі туралы ресми ақпаратты ресми ресурстардан немесе оның әлеуметтік желілердегі парақшасынан оқуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript