Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана" –  "Манчестер Юнайтед" матчына билеттер қанша тұрады

zakon.kz коллажы zakon.kz коллажы
Матчтарды екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданды, бірінші санат – "Манчестер Юнайтедпен" үйдегі ойын.

Еуропа Лигасының Нұр-Сұлтанда өтетін ойындарының билеттері "Астана" клубының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропа лигасы аясында "Астана" сербиялық "Партизанмен", голландиялық АЗ-мен және ағылшынның "Манчестер Юнайтедімен" ойнайды.

Матчтарды екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданды, бірінші санаты – "Манчестер Юнайтедпен" үйдегі ойын. Бұл ойынға билет бағасы – санатына байланысты 4 мыңнан 55 мың теңгеге дейін жетеді.

Екінші санаттағы матчтар – AZ және "Партизанға" қарсы ойындар, ол матчтарға билет 1500 теңгеден 12000 теңгеге дейін болады.

Әрбір матчқа билет сату ойын болатын күндердің алдында ашылады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1568260181_1568218560_7bab0c1af794d2d628cd4184239ac.jpg

Баға жүйесі мынадай:

Манчестер Юнайтедпен болатын матч:

1-ші санаттағы билеттер - 55 000 (елу бес мың) теңге;
2-ші санаттағы билеттер - 40 000 (қырық мың) теңге;
3-ші санаттағы билеттер - 25 000 (жиырма бес мың) теңге;
4-ші санаттағы билеттер - 16000 (он алты мың) теңге;
5-ші санаттағы билеттер - 11,000 (он бір мың) теңге;
6-шы санаттағы билеттер - 4000 (төрт мың) теңге.

AZ және Партизанмен өтетін матч:

1-ші санаттағы билеттер - 12000 (он екі мың) теңге;
2-ші санаттағы билеттер - 7000 (жеті мың) теңге;
3-ші санаттағы билеттер - 4 000 (төрт мың) теңге;
4-ші санаттағы билеттер - 3000 (үш мың) теңге;
5-ші санаттағы билеттер - 2 000 (екі мың) теңге;
6-шы санаттағы билеттер - 1500 (бір мың бес жүз) теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз