Бүгін "биліктің бұлбұлы" Ертісбаев атышулы Әблязовпен айтысады
![коллаж Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 17:35](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-e47127a9-cc8e-47e9-8313-6d52e8e214d5/800x452.webp)
Митинг жасап көшеде төбелескенше, эфирде жұлыссын.
"Бүгін Ермұхамет Ертісбаев пен Мұхтар Әблязов арасында баттл (дебат, жекпе-жек) болады", дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров.
– Елдің саяси тарихы үшін бұл кездесудің маңызы зор. Бір-біріне қарама-қайшы саяси күштердің өкілдері халық алдында ашық түрде айтысады. Екеуі екі бөлек саяси әлемнің өкілдері. Қиын әңгіме болады. Бірі-бірі сояды олар. Бұл жақсы оқиға – ұлттық диалогтың басы. Олар бір-біріне сырттай өштескенше, бірін-бірі эфирде боқтағаны артық бізге. Меніңше, осындай сөйлесу каналдарының көп болғаны жақсы. Митинг жасап көшеде төбелескенше, эфирде жұлыссын. Сонда бір-бірімізді тыңдауды үйренерміз. Елде "еститін" мемлекет орнап келеді. Осы шоуды ұйымдастырғаны үшін "Политон" дискуссиялық клубына рахмет, – дейді ол.
Бүгін "POLYTONE" клубында!
Сағат 17.00-де
Тікелей эфирде
Саяси көзқарастары мен иделогиялары екі бөлек екі "қошқардың" аяусыз айтысы.
Тақырыбы: "Назарбаев Қазақстан үшін кім болды".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript