Алматыда 7 мұғалім мен 18 оқушыдан туберкулез анықталды

ua.news, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2019 23:02 ua.news
Өткен жылы осындай 4 жағдай тіркелген болатын.

Алматы мектептерінде 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз 100 аспаптық-зертханалық зерттеу жүргіздік. Жоспардан тыс тағы 75 тексеру болды, 105 айыппұл салынды, 100-ден астам хаттама толтырылды. Медициналық тексеруден уақытылы өтпеген 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді", - деді Алматы қалалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

2019 жылдың сегіз айында Алматы мектептерінде 7 мұғалімнен туберкулез анықталды. Өткен жылы осындай 4 жағдай тіркелген болатын. Оқушылар арасында 18 жағдай анықталды, ал былтыр 24 оқушы туберкулезге шалдыққан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: