"20 жыл біргеміз". ІІ-дүниежүзілік соғыстың ардагері еркекке үйленді
ІІ-дүниежүзілік соғыстың ардагері, 96 жастағы Джордж Монтегю үш баланы дүниеге әкелген әйелімен тату-тәтті 20 жылғы өмірінен кейін өзінің ұзақ жылдар елден жасырып келген құпиясын жариялау туралы шешім шығарған, - деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
ІІ- дүниежүзілік соғыс кезінде Монтегю Британдық әскери-әуе күштерінде қызмет етті. Ол тұтқынға түсіп қаламын ба әрі шешесінен қорқып бірнеше ондаған жылдар бойына өзінің төсектегі ерекше таңдауын бәрінен жасырып келген. 1981 жылы оның анасы қайтыс болады. Бұл аралықта Монтегю үйленіп, үш баланың әкесі атанады. Оған әйелі оның гей екенін біліп тұрып, үйленген. "Қу тіземді құшақтап жалғыз қалғаша, гей болсын, бір еркекке тигенім жақсы" депті әйелі қыз күнінде.
1997 жылы 73 жастағы Монтегю өзінің қазіргі күйеуі Сомчаймен танысады, ол кезде ол 50 жаста еді. Монтегюдың әйелі көз жұмар алдында: "Мен сенімен 21 жыл уақытымды өткіздім. Енді қалған ғұмырында өз сүйіктіңмен бол!" деп, оған еркекпен тұруға өз келісімін беріпті.
Монтегю өз ауылындағы ең кәрі гей екен.
"Өмірімнің көп бөлігінде бетперде ұстанып, өзімнің болмысымды бәрінен жасырып келдім. Ал қазір мұны шатырға шығып алып, айқайлап баршаға жар салғым келеді. Ешкім өз жынысына байланысты махаббатын тұсаулап, өмір сүрмеуі керек", - дейді қария.
Би-Би-Си хабарлауынша, 2015 жылы 18 жыл бірге тұрған Монтегю мен Сомчай өздерінің қарым-қатынасын заңдастырып, ресми некеге тұрған. Қазір соғыс ардагері - 96 жаста. Ол жыл сайын Ұлыбританиядағы гейлердің парадына қатысады. Монтегю 100 жасап, өзінің бағдары үшін еш ұялмай өмір сүріп, сүйіктісімен бақытты ғұмыр кешуге құлықты.