Жаңалықтар тізбегі
0

Қанат Ислам көп балалы анаға баспана сыйлады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 21:47 Хабар 24
"Күміс алқа" иегері бұған дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған.

Танымал кәсіпқой боксшы жекпе-жек кештерінен түскен табысының бір бөлігін көпбалалы анаға баспана сыйға тарту туралы шешім шығарған. Ал пәтер кілтін табыстау рәсімі тосыннан болды, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

"Отандық промуотерлік компания өкілдері мен қайырымдылық қорының белсенділері Гүлшат Баяділованы елордадағы пәтерлердің біріне әңгімелесуге шақырып, күтпеген жерден сол арада үйдің кілтін сыйға тартты. "Күміс алқа" иегері бұған дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған. Енді қайырымды жандардың арқасында жалғызбасты ана екі бөлмелі баспананың иесі атанды", - дейді телеарна тілшісі.

Баяділова Гүлшат, "Күміс алқа" иегері:

- 10 бала тудым негізі. Қазір 8-і бар, екеуі қайтыс болды. Осы 8 баланың ортасында жүріп жатырмын. Аздап тағдырдың қиындығына түсіп, бірақ, мойымай келе жатырмын. Бәріңе рахмет. Алладан қайтсын.

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:

- Енді біз елдің азаматы болған үшін әр жарыс сайын осылай көмек жасаймыз. Біздің мақсатымыз - осындай жандарға жәрдем жасау. Қазақта мақал бар: "Батыр болсаң жауға пайдаң тисін, бай болсаң халқыңа пайдаң тисін", - дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: