№4 аурухананың тағы бір дәрігері Тұңғышбаев қамауға алынды

almaty.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 17:07 almaty.tv
Асқар Тұңғышбаев анестезиолог, 4 клиникалық аурухананың реаниматологы.

Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының тағы бір дәрігері қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылдың 2 қыркүйегінде мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен, ҚР ҚК-нің 317 бабы 3-б. (Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби салғырттығы салдарынан адам өліміне әкеп соғу) сәйкес қылмыс жасады деген күдікпен Асқар Тұңғышбаевқа қатысты 2 айға қамауға алу шарасы қолданылды.

Ұстау мерзімі 2019 жылдың 31 тамызынан бастап есептеледі.

Ашық дереккөздерден Асқар Тұңғышбаевтың анестезиолог, 4 клиникалық аурухананың реаниматологы екені белгілі.

Мұның алдында №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамауға алынғаны белгілі болған. Оған қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: