Жаңалықтар тізбегі
0

Хатты оқыдым! Қамалған дәрігерлер дауы Тоқаевқа жетті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 22:09 Ақорда
Күдебаевтың ұлының өлімінен кейін қамалған дәрігерлер дауы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетті.

Соңғы екі күнде Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың екі дәрігері қамауға алынды. Қамауға алынған дәрігердің әйелі Президентке ашық хат жазып, тергеудің Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң және дәлелсіз басталып кеткеніне шағым айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің twitter-інде осы оқиғаға байланысты жазба жарияланды.

"Мен Нью-Йоркте жүріп, Германияда науқастың қайтыс болуына байланысты Алматының 4-ші қалалық ауруханасының бас дәрігері мен анестезиологының ұсталуы туралы дәрігерлер қауымының хатын оқыдым. Бәрін заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Президент әкімшілігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімі бұл істі бақылауына алды", деген жазба шықты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter-дегі парақшасында.

Президентке хат кетті. Басқарма бұл Күдебаевтың ықпалы емес деп шықты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: