Жаңалықтар тізбегі
0

Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында онлайн семинар өткізілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 16:19 zakon.kz
Онлайн семинарда қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасалды.

"Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар" тақырыбындағы республикалық онлайн семинар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында оқыту бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында онлайн семинар өткізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 16:19

Шараға аумақтық департаменттердің тілге жауапты мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты.

Семинардың күн тәртібіне сәйкес, "Оқу-әдістемелік кешендеріндегі лексикалық-грамматикалық минимумдардың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары" тақырыбында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты А. Сейітбекова, "Қазақ тілін танымдық-қатысымдық бағдарлы оқыту әдістемесі" тақырыбында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тілі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Құрманбаева, "Орта деңгей: мультимедиалық технологиялар негізінде оқыту" тақырыбында Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі А. Сүгірбаева, "Жоғары деңгей: бейнефильмдер арқылы оқытудың тиімділігі" тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының лингвистикалық орталығының оқытушысы Л. Әбілмәжінова баяндама жасады.

Онлайн семинарда қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: