ҚР Премьер-Министрі "Роскосмос" басшысы Рогозинмен "Назарбаев старты" жобасын талқылады

ПС акимата Кызылординской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 17:16 ПС акимата Кызылординской области
Премьер-Министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

ҚР Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, "Роскосмос" басшысы Д. Рогозинмен "Назарбаев старты" жобасын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 17:16

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.

Премьер-Министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 17:16

"Союз МС-15" пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен "Назарбаев старты" ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 17:16

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап "Бәйтерек" жобасын "Назарбаев старты" деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: